
СОЗВУЧИЕ
Бүгін Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының бастамамымен ✓10 Балалар музыка мектебінің қабырғасында алғаш рет қалалық «СОЗВУЧИЕ» вокалдық байқауы өтті. Балалар музыка мектептері мен қалалық өнер мектебінен 60-тан астам оқушы қатысты.
Байқаудың қазылар алқасы жетекші өнер майталмандары:
ШАГАРОВА АНЖЕЛА, Абай атындағы қазақ опера және балет ұлттық театрының солисі. Алматы қаласындағы Оқушылар сарайының балалар музыка мектебінің вокал бөлімінің меңгерушісі. Өнер ғылымдарының магистрі.
МАТНАЗАРОВ БАХТИЯР МАТНАЗАРҰЛЫ, Бүкілодақтық конкурстың лауреаты, өзбек мәдени орталығы төрағасының шығармашылық мәселелері жөніндегі орынбасары, әнші, музыкант.
КЕНЖЕКЕЕВА ДАЙАНА, шығармашылық псевдо аты Дайана Досхана.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі. Әнші және новатор ұстаз.
Байқаудың арнайы қонағы Алматы қаласы Білім беру мекемесінің Мемлекеттік ғылыми-технологиялық зерттеу орталығының бөлім меңгерушісі Ақмағамбетова Роза Ғазизжанқызы. Роза Ғазизжанқызы іс-шараның жақсы деңгейде ұйымдастырылғанын, қатысушылардың дайындығын атап өтті.
Сахнаға шығу әрқашан қобалжу күйін туғызады, бірақ барлық қатысушылар өз өнерін және өте жақсы дайындық деңгейін көрсетті. Орындаушыларды тыңдай отырып, барлығы эстетикалық ләззат алды. Қатысушылардың барлық қойылымдары есте қаларлық, жарқын және кәсіби болды.
Сондай-ақ мұғалімдерге шығармашылық табыстары және
кәсіпқойлығы, балаларға деген сүйіспеншілігі үшін үшін алғыс айтқымыз келеді.
Барлығына жаңа, креативті идеялар, алға жылжып, табысқа жетулеріне тілектеспіз!
©Все права защищены.